Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Өткен аптада аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында әдеби арбат өткізілді.
Ауданымыздың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби арбаттың тақырыбы – «Өрлей бер, өркениетке өсер елім!» деп аталды.
Тағылымы мол іс-шарада дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы кітапхана мен Құлан өңірінен шыққан ақын-жазушылардың еңбектері туралы айтылды.
Шараға жиналған көрермендерге арнайы ұйымдастырылған «Т.Рысқұлов – 85 жыл», «Сиқырлы әлемге толы кітаптар», «Шежірелі – Т.Рысқұлов, қазыналы – Құланым» атты кітап көрмелеріне шолу жасалды.
Мұндай іс-шарада кітапхана оқырмандары үнсіз қалсын ба? Әрине, жоқ. Аудандық кітапхананың жас оқырмандары аталмыш әдеби арбатта өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерін паш етті.
Аудандық кітапхананың қызметкерлері орталық алаңға жиналған көрермендермен «Сұрақ-жауап» ретінде «Kinder» және «Book bingo» ойындарын ұйымдастырды. Олар осындай ойын түрлерін ұйымдастырып қана қоймай, өздері де ән салды. Кітапханашылар айтқан әнге көпшілік ерекше ықылас көрсетті. Осылайша ретро стильдегі фотозоналар жиналған әдеби арбат аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әлия Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.