Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылғы 11 шілдедегі облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңестің №60 хаттамалық тапсырмасының 4 тармағының негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2023 жылдың 1 қараша.
3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, №73 үй.
4. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Бөлім) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы Еспеновке жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Есіркепов.