23 маусым – Қазақстан полициясы күні
46 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков пен облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев ауданымызға жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында Бекболат Серікбекұлы ең алдымен Луговой ауылындағы 100 жылға жуық тарихы бар «Түрксіб» темір жол бекетінің абаттандыру және жаңғырту жобасымен танысты. Сондай-ақ, Бекболат Серікбекұлы мен Абдалы Тоқбергенұлы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары ветеринария, білім, ауыл шаруашылығы салалары бойынша бірқатар ұсыныстар көтерді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.