Ұлттық конкурстың жеңімпаздары анықталды

52 Views

Осы аптада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Аталмыш ұлттық конкурстың аудандық кезеңінде топ жарып, жүлделі болған отбасы мүшелерін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев марапаттады. Өз сөзінде Әлібек Мамытжанұлы аталмыш конкурстың отбасылық құндылықтарды дәріптеуде айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та жеңімпаз атанған әулет мүшелерін құттықтап, өзінің ақжарма тілегін білдірді.
Айта кетейік, биыл арнайы комиссияның шешімімен Оразхан, Құдайбергеновтер, Қабылхановтар және Әбдікерімовтер әулеттері ұлттық конкурстың аудандық кезеңінде жеңімпаз деп танылды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: