Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Аталмыш мерекеге орай, аудандық газеттің шығармашылық ұжымы редакциялық лездемеде аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қаблет Абдирахмановтан сұхбат алуды тілшіміз М.Диханбайға жүктеген болатын. Тілші өзіне жүктелген тапсырманы орындап, материал әзірледі. Газетіміздің бүгінгі санында сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Қаблет Қанатұлы, жақында ғана аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалдыңыз. Бұл қызмет сізге таңсық емес. Өйткені оның алдында да осы бөлімге жетекшілік еткен едіңіз?
– Иә, дұрыс айтасыз. Қазіргі басшылық етіп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде біраз жылдар еңбек еттім. Тәжірибе жинадым. Сіздер «Әдебиет – ардың жүгі» деп жатасыздар ғой, сол айтқандай, мен «Мемлекеттік қызмет – адамгершіліктің ісі» деп айтар едім. Аудан басшысы маған зор сенім артып, осы қызметке қайта тағайындады. Енді жиған тәжірибемді осы салаға арнайтын боламын.
– Шүкір, қазіргі таңда ауданда көптеген әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Оны газетімізде жазып та жүрміз. Меніңше, бүгінгі таңда ауданымыз қуатты әрі қарқынды түрде жүргізіліп жатқан құрылыс алаңына айналғандай көрінеді…
– Ол рас. Өздеріңізде де куә болып жүрсіздер. Былтыр Көгершін ауылында 90 орындық жаңа мәдениет үйінің іргетасы мен спорт кешенінің құрылысы басталған болатын. Мәдениет үйі құрылысын салу жобасының құны 147 млн. 240 мың теңгені құраған. Мердігер «Жаңатас құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 121 млн. 176,4 мың теңгеге құрылыс салу жұмыстарын ұтып алды.
Жоба 2023 жылға өтпелі болды. Былтыр 80 млн. 485 мың теңге қаражат бөлініп, ол толығымен игерілді. Биыл қалған 51 млн. 370 мың теңге бөлініп, жаңа мәдениет нысанының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Ал, осы ауылдағы спорт кешенін салу құрылысына 305 млн. 703 мың теңге қарастырылған. Мердігер «Мұнай құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны 281 млн. 724,4 мың теңгеге ұтып алды. 2022 жылы бұл спорт кешеніне 186 млн. 697 мың теңге қаражат бөлініп, ол да толығымен игерілді. Биыл бөлінген 111 млн. 111 мың теңге қаражат та тұтастай игерілді.
Қазіргі таңда мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауға жақын. Биыл қос нысанның ашылу салтанаты өтіп, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Ақыртөбе мен Р.Сәбденов ауылында да спорт кешенінің салынып жатқанын білесіз. Ақыртөбедегі спорт кешенінің жалпы құны 330 млн. 732 мың теңге болатын. Жалпы келісімшарт құны 306 млн. 367,5 мың теңгені құрады. Мердігер «Авторемстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Былтыр 211 млн. 726 мың теңге қаражат бөлініп, ол толығымен игерілді. Биыл қалған 111 млн. 111 мың теңге қаражат бөлініп, жауапты мердігер компания спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жалғастыру үстінде. Р.Сәбденов ауылындағы спорт кешеніне де 290 млн. 732 мың теңге қаражат қойылған болатын. Мердігер «BekStroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба құрылысын 268 млн. 302,6 мың теңгеге ұтып алды.
– Білуімізше, биыл Жаңатұрмыс және Ақыртөбе ауылдарына жаңа спорт кешені мен мәдениет нысанының құрылысы салынады. Осы жөнінде ақпарат айтып өтсеңіз?
– Екі ауылдың да тұрғындары кез келген кездесуде осындай мәселелерді көтеріп жүргендігі сіз бен бізге мәлім. Тұрғындардың тілегін қанағаттандыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жаңа сіз атаған Жаңатұрмыс ауылына спорт кешені, Ақыртөбе ауылына жаңа 140 орындық мәдениет үйі салынғалы жатыр. Жаңатұрмыстағы спорт кешенінің жалпы құны 331 млн. 820 мың теңгені құрады. Мердігер «Нұр Тұрсын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба 2024 жылға өтпелі. Биыл бұл спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына 111 млн. 111 мың теңге қаражат бөлініп отыр.
Ал, Ақыртөбе ауылындағы 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы 356 млн. 778 мың теңгені құрады. Бұл жоба да келер жылға өтпелі. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер «АКМ Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталып, келісімшарт жасалды. Одан бөлек, Құлан ауылындағы «Арай» алқабындағы тұрғын үй кешеніне ішкі алаңның инженерлік желілері мен абаттандыру құрылысын салу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
– Қаблет Қанатұлы, бізге осындай деректермен бөлісіп, сұхбат бергеніңізге алғыс білдіреміз. Жұмысыңызға сәттілік, еңбегіңізге береке тілейміз.
Сұхбаттасқан Марат Диханбай.