179 Views
Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың төрағалығымен өткен отырысқа комиссия мүшелері, мүдделі мекемелер, ұйым өкілдерінен бөлек аудандық прокуратураның прокуроры Е.Бабасов арнайы қатысты.
Күн тәртібінде кәмелетке толмаған жасөспірімге қамқоршы тағайындау, ерекше бақылауды қажет ететін отбасылардағы (толық емес отбасылар, полиция органының, білім беру ұйымының ішкі есебінде тұрған, азаматтық некедегі отбасылар, т.с.с.) балалардың жағдайына тұрақты бақылау орнату мақсатында арнайы қалыптастырылған «картаның» іске асырылу барысы, аудандық білім бөлімі жанындағы «Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің» қорғаншылық пен қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге берілген балаларды қабылдаушы отбасындағы балалардың жағдайын зерделеу жұмыстарының нәтижесі, осыған дейінгі комиссия отырыстарының хаттамалық тапсырмалары мен шешімдерінің орындалу, іске асырылу барысы, сонымен қатар, әр түрлі тақырыптағы мәселелер қаралып, кеңінен талқыланды.
Жиын соңында негізгі кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты қатынас, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, ата-аналардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру жұмыстарын жүйелеу, жаңа оқу жылына дайындықты пысықтау бағытындағы тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, комиссияның бақылауына алынды.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: