Тағайындау

164 Views

Айдархан Ержан Серікұлы аудан әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №229-ө/жқ өкімімен аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Айдархан Ержан Серікұлы 1973 жылы 31 қаңтарда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Ол 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл қаласының орталық аудандық сотының сот орындаушысы болып бастаған.
​1994-1997 жылдары Мойынқұм ауданының Халық сотының аға сот орындаушысы болса, ​1997-2002 жылдар аралығында Луговой ауданының мемлекеттік нотариалдық конторының мемлекеттік нотариусы ретінде қызмет еткен.
​2002-2017 жылдары Жамбыл нотариалдық округінің нотариусы,
​2019 жылдан бастап, 2023 жылдың маусым айына дейін Көгершін ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Поделиться ссылкой: