Әкімшілік қамауға алынды

163 Views

2023 жылғы 7 шілде күні сағат 01.40 шамасында азамат Ж. Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында алкогольдік масаң күйде болып, «AUDI 80» маркалы автокөлігін басқарған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қау­лысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларының» 2-бөлімнің 4-тар­мағының талабына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольді, есірткі және (немесе) уытқұмарлық), реакциясын және назар аударуды нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шар­шауды күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Алайда, азамат Ж. қағиданың бұл та­ла­бын мүлдем сақтамаған. Сонымен, азамат Ж. жол жүрісі қа­ғи­да­ларының талап­тарын өрескел бұзып, өзі­нің заңсыз іс-әре­кеті­мен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлі­гінде көзделген құқық бұзушы­лықты жаса­ған, яғни жүргізушінің көлік құра­лын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот, азамат Ж. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оны 15 (он бес) тәуліктік әкімшілік қамаққа алу және 7 (жеті) жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: