Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Биыл жыл басында аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан аумағындағы қант қызылшасы алқабының көлемін ұлғайтуды жауапты мамандарға тапсырып, оны 550 гектарға жеткізу керектігін алға тартқан болатын. Бүгінде осы бағытта ауқымды жұмыстар кеңінен атқарылуда. Әсіресе, шаруасы шалқыған «Шалқар» шаруа қожалығының тәтті түбір өсіру бағытындағы жұмыстар көз қуантады.
Айта кету керек, соңғы уақытта ауданда су үнемдеу технологиясын пайдаланушы шаруалар саны артып келеді. Соның бірі – жоғарыда аты аталған «Шалқар» шаруа қожалығы. Дәл қазір осы технологияны пайдалану арқылы аталмыш қожалық 200 гектар аумаққа егілген қант қызылшасын суарып отыр. Су үнемдеудің тиімді тәсілін тапқан шаруа қожалықтың жұмысымен танысқан аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, өзге де шаруа қожалықтар осы әдіске көшу керектігін айтты.
Айта кетейік, бүгінде аталған шаруа қожалық аумағында жер асты суын пайдалану мақсатында ұңғыма қазу жұмыстары да жүргізілуде.
«Құлан таңы» ақпарат.