Кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді

58 Views

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік жолы – халықаралық транзиттік автожолы, өткен ғасырлық Ұлы Жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Жолдауда бекітілген болатын. Содан бері міне, еліміздің бес бірдей облысын кесіп өтетін аталмыш жол арқылы транзиттік тасымалдар мен логистикалық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

Жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан аудан аумағында заманауи жанармай құю бекеті мен кэмпинг салынбақшы. Бұл туралы аудан әкімі Ернар Есіркепов жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырушы жеке инвесторлармен өткен кездесуде талқылап, пікір алмасты.
Айта кетейік, бұл жоба қос тарапқа да тиімді. Алдымен кәсіпкер өз бизнесінің көкжиегін кеңейтетін болса, екіншіден, бұл инвестициялық жобаның аясында аудан азаматтары жаңа жұмыс орындары мен сапалы жанармаймен қамтылатын болады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: