Кезекті аппараттық кеңес өтті
52 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №36-5 шешімімен сайланған комиссия мүшелерінің өз еріктерімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған, яғни № 335, № 359 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2023 жылдың қыркүйек айының 5-не дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары: 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихаттың аппараты.