Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
24 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов.
Ең құдіретті де қастерлі тіл – қазақ тілі. Қазақ халқының тамыры тереңге жайылып, тарихымыз бен мәдениетіміздің қанат жайып, дүйім жұртқа танылуына ана тіліміздің тигізер пайдасы орасан зор. Әр халықтың бірлігі мен татулығының сақталуына тікелей ықпал ететін – сол халықтың мемлекеттік тілі. Сондықтан да шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап анамыздың ақ сүтімен бойымызға даритын ана тіліміз әркез қадірлі де қастерлі. Қазақ тілі – көркем әрі ең бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тілдер қатарында десек қателеспейміз.
Еліміздің тарихын, өркениеті мен мәдениетін дүние жүзі халықтарына әйгілі етіп таныту үшін қазақ тілінің атқарар рөлі маңызды.
Қазақ тілі – сыр-сандықта сақталғандай қасиеті мен құрметін жоғалтпаған тіл. Сонау ата-бабамыздан асыл мұра болып келе жатқан ана тіліміз сарқылмас байлықпен пара-пар. Келер ұрпақ өмірге келген сәттен бастап туған тілімізбен сусындаса, сол арқылы елдің тарихын, шежіресін, сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, көңіліне тоқып өседі.
Қазақ тілінің тұғырлы болып тұруы мына біз бен сізге тікелей байланысты. Ата-баба қанымен бойымызға тараған киелі қазақ тілінің ғұмырлы болуына әрбіріміз жауаптымыз.
Қазақ тілі – қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан барша қазақтардың ұлттық тілі. Тәуелсіз елдің тұғырлы тілі кең өріс алып, дами берсін. Мен үшін өз Ана тілім қашанда қастерлі әрі бағалы.
Т.Рысқұлов аудандық
«Тілдерді оқыту» бөлімшесі.