Жемқорлық — індет, Жою — Міндет

164 Views

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары ұдайы жүргізіліп келеді.
Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр десек те болады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
Қазақстан Республикасының заңна­маларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, би­лік­ті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, пара­қорлыққа делдал болу, қызметтік жал­ғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қоры­тынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайда­лану арқылы жасалады.
Қорыта келе, біздің қоғамда «Сы­байлас жемқорлыққа орын жоқ» екенін айтып өткіміз келеді. Осы құбы­лысқа тиімді қарсы іс-әрекет етуге тек аза­мат­тық қоғамның барлық инсти­туттарының күшін біріктіргенде ғана қол жеткізуге болады.

Ербол Бекнұрманов,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының
Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің маманы.

Поделиться ссылкой: