23 маусым – Қазақстан полициясы күні
41 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Тұрғындар көп көтеретін сауалдың бірі – жол мәселесі. «Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе» бағытындағы жолға қатысты да мәселе осы уақытқа дейін талай айтылды, жазылды. Тұрғындардың тілегі ескеріліп, аудандық атқарушы билік өкілдері бұл мәселенің де шешімін тапты ақыры. Биыл «Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе» бағытындағы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын аудандық мәндегі жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл бағыттағы жол жөндеу жұмыстары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс мердігері – «Құлан жолдары» ЖШС-і. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын 13 елді мекеннің 20-ға жуық көше жолдары жөндеуден өтуде.
«Құлан таңы» ақпарат.