Ауданда «Қолдау желісі» құрылды
Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі «Қолдау желісі», яғни @ryskulov_qoldauzhelisi байланыс қызметі іске қосылғандығын хабарлайды. Желі арқылы оператор-мамандар аудан тұрғындарынан күнделікті қоғамдық, әлеуметтік қатынастарда, коммуналдық, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік қызметте, басқа да тыныс-тіршілікте туындаған сауалдарды, түйткілді мәселелер мен ұсыныс-пікірлерді қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен мекемелерге өз құзыреті мен міндеттері, қолданыстағы заңнамалар шеңберінде қарау, зерделеу және оңтайлы шешілу жолын қарастыру, жоспарлау, кері байланыс орнатып, жауап беру үшін жолдап отыратын болады. Ол үшін 8 (72 631) 2-24-44, +7 705 415 44 47 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызға немесе әлеуметтік желі парақшаларына (Instagram, Facebook, WhatsApp) жазуыңызға болады.
Ескертпе: сауалдар, түйткілді мәселелер мен ұсыныс-пікірлер жеке тұлғалардың ар-ожданына тиетін, жеке тұлғалардың арасындағы мәселелерге қатысты болмауын ескеруді, сонымен қатар, қоғамдық-моральдық этикамен сыйыспайтын бейәдеп сөздерді қолданбауды сұраймыз. Мұндай мәселелер қабылданбайтындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.