Үлкендер қолдаса, жастар әрқашан жұмыс істеуге әзір

254 Views

Өткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен келелі отырысқа жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, ауыл әкімдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста алдымен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ерболат Жәдік бағдарлы баяндама жасады. Ол өз сөзінде:
– Келешегіміздің келбетті, болаша­ғы­мыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Қазіргі таңда 14 пен 35 жас аралығында 20960 жас бар. Одан бөлек, 14 пен 17 жас аралы­ғындағы 4906 оқушы тағы бар. Мүмкіндегі шектеулі жастармен де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері тікелей жұмыс жасайды. Биыл ауданда жастар саясатын жүзеге асыруға 62000,0 мың теңге қарастырылып, оның 6 млн. теңгесі жастар арасында өтетін іс-шараларға бөлінді. Ал 2023 жылдың I жарты жылдығында жұмыспен қамтудың бел­сенді шараларына тартылған жас­тар саны 783-ті құрады. Оның ішінде вакантты бос жұмыс орнына – 423 жас, жастар практикасына – 59 жас, әлеуметтік жұмыс орнына – 25 жас және ақылы қоғамдық арқылы 171 жас жұмыспен қамтылған. Уақытша бос жүрген (NEET) санатына адрестік жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін «е-Собес» бағдарламасы және тиісті жауапты мекемелер арқылы картаға енгізу жұмыстары толық аяқталды. Жұмыссыз жүрген жастарға кеңес беру бойынша жұмыс тобының жоспары бекітілді. 15 ауылдық округте 3 тамыздан 18 тамызға дейін жұмыссыздықтың алдын алу бойынша уақытша бос жүрген жұмыссыз NEET санатындағы жастарға аудандық «Мансап орталығының» қызметкерлерімен бірге «Жасыл ел» еңбек бағдарламасы мен «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді.
Содан соң аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жастар саясаты төңірегінде оябы бөлек әңгіме қозғап, бірқатар ұсыныстарын айтты.
Күн тәртібіндегі екін­ші мәселе бойынша, яғни жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу аясында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Айдын Мамытбеков баяндама жасады.
Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ахметов те өзі басшылық етіп отырған ауылдық округ бойынша жастар саясаты төңірегінде қандай іс-шаралар атқарылып жатқандығы жайында мәлімдеп, қысқаша ақпарат берді.
Кеңес отырысының қорытын­ды­сында аудан әкімі Ернар Есіркепов «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы міндетін уақытша атқарушы Ерболат Жәдік пен идеологияға жауапты сала басшыларына бірқатар ұсыныстар енгізіп, хаттамалық тапсырмалар жүк­теді.

М.Аятберген.

Поделиться ссылкой: