Жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді

47 Views

Өткен сәрсенбіде Көгершін ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша құрылысы былтыр басталған дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Конституция күніне орай ашылған жаңа спорт нысанының ашылу рәсіміне аудан әкімі Ернар Есіркепов арнайы барып қатысып, сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде ауданымыздан талай мықты спортшылар шыққанын, мемлекет тарапынан елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғандығын, сондай-ақ, Конституция күні қарсаңында Көгершін ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышты сәтке кенеліп отырғандығын тілге тиек етті. Содан соң, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен Көгершін ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Серік Өтегенов те сөз сөйлеп, ауыл халқына шын ниетпен тілеулес екендіктерін жеткізді. Одан кейін аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев пен Көгершін ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Серік Өтегенов жаңа спорт нысанының лентасын салтанатты түрде қиды.
Ашылу салтанатында Ернар Серікәліұлы аталмыш мекеме тәрбиеленушілеріне теннис үстелі мен спорттық құрал-жабдықтарды тарту етті.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: