Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
1 қыркүйек – Білім күні
Кеше Білім күніне орай Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Оған аудан әкімі Ернар Есіркепов те қатысты. Аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова, Луговой ауылдық округінің әкімі Мұратбек Сванов және ардагер ұстаз Мария Мұсаева да салтанатты шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында болды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан басшысы Ернар Серікәліұлы ұлағатты ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының бастау алуымен құттықтады. Сондай-ақ, аудан әкімі жас ұрпақ алдыңғы толқын ағалар салған сара жолмен жүріп, білім бәсекесінде тек қана биік белестерді бағындыра берулеріне ниеттес екенін жеткізді.
Содан соң, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы да сөз сөйлеп, аталмыш мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары жаңа оқу жылында мол табысқа кенеле берсін деген тілегін жеткізді. Шара мектеп ұжымы дайындаған мерекелік жиынға ұласып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
М.Жолдасбекұлы.