Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Егеменді елім – айбыным, Ата Заңым – тірегім» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Есіркепов Ернар Серікәліұлы жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтап, ауданның дамуына қомақты үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Атап айтар болсақ, аталмыш іс-шарада Кеңесбай Исмайлов, Түзел Алагөзова, Зәуре Байтілеуова, Гүлнар Орымбекова, Бекнұр Жәкен, Тұрсынбек Досаев, Шолпан Мұхамеджанова, Нұрмахан Қалиев, Мақпал Сайлыбаева сынды жандар құрметке бөленді.
Азаттығымыздың айғағындай болған айтулы күнге арналған салтанатты іс-шара соңы аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Жәнібек СҰЛТАН.