Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Конституция күні қарсаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов бұрынғы кеден қызметкерлерінің қайта жаңғыртудан өткен қызметтік пәтерлерінің кілтін бюджеттік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлерге салтанатты түрде табыс етті. Бұл игі шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Шорабек Атабаев және Луговой ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Бейсенбек Әлпейісов қатысып, мереке қарсаңында қоныс тойын тойлаған қуаныш иелеріне бақ пен береке тіледі. Өз кезегінде пәтер кілтін иеленген бюджеттік мекеме қызметкерлері де ризашылықтарын білдіріп, аудан әкіміне алғыс жаудырды.
«Құлан таңы» ақпарат