Енді әрбір Қазақстандық өз еркімен кредиттер мен шағын қарыздарды рәсімдеуге тыйым сала алады

163 Views

Ол үшін eGov mobile немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет.
Қызметке тек азаматтың өзі өті­ніш бере алады. Кредиттер мен микро­қарыздарды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және осы мерзім өткеннен кейін автоматты түрде алып тасталады. Бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады.
Аталған қызметті eGov.kz пор­талында азаматтарға, «Кеден және салықтар», «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға блады.
– «Банктік қарыз, микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтінім беру» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
– Өтініш беруші туралы ақпарат толтырғанда электронды поштаны толтырыңыз;
– Қызметке қол қойып, өтінімді қарастыруға жіберіңіз.
Қызмет көрсету нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады.

Тұрар Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет
көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: