Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Т.Б.Атабаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

194 Views

Өмірбаяны

Атабаев Тимур Берікұлы 1988 жылдың 9 маусымында Каменка ауылында дүниеге келген. Ол өз еңбек жолын 2009 жылдың 25 шілдесінен 30 қазан аралығында және 2010 жылдың 5 сәуірінен 30 маусымы аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде «Жастар тә­жірибесі» бойынша білімін ұш­тас­тырушы болып бастаған. 2013 жылдың 18 наурызынан 2015 жылдың 15 сәуірі аралығында «Луговой ауылдық округі әкімінің аппаратында» келісімшарт негізінде әскери есеп столы маманы, 2015 жылдың 16 сәуірінен бастап бү­гінгі күнге дейін «Т.Рысқұлов ауда­ны­ның Луговой ауылдық округі әкімі аппа­ра­тының» бас маманы болып қызмет ат­қарып келеді.
Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.

Сайлауалды бағдарламасы

Әкім болу дегеніміз – округ тұр­ғын­дарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орын­да­луына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету.
Егер мен Құмарық ауылдық округіне әкім болып сайлансам:
– Ауылдық округке қарасты елді мекендерде Қазақстан Республикасы Прези­дентінің саясатын, Жарғысын наси­хаттауға, түсіндіруге бар күшімді әрі жинаған тәжірибемді, білімімді жұмсаймын;
– Қазақстан Республикасының Ата заңы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларын, ҚР Нор­мативтік заңдарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етемін;
– Ауылды көріктендіру және абат­тан­­дыру, бизнесті дамыту, шаруа қо­жа­­лықтары мен кәсіпкерлерге ша­ғын бизнесін дамытуға көмек беру, ауылға инвесторлар тарту, тағы басқа жұмыстарды ұйымдастырамын;
– Елді мекендердегі көше жолдарын жөндеу туралы тиісті шараларды ұйым­дастырамын;
– Ауыл аумағындағы көше жа­ры­­ғы орнатылмаған көшелерді жарық­тан­дыруға ықпал етемін;
– Тұрғындарға өндірістік коопера­тивтерге бірігудің маңыздылығын түсін­діріп, кооперативке бірігу арқылы жұмыс­сыздық деңгейін төмендетіп, аймақ­тың әлеуметтік жағдайын артты­руды ұйымдастырамын;
– Шаруа қожалық басшыларымен бір­лесіп, ауыл шаруашылық егістік өнім­­дерінің жоғары сұранысқа ие майлы дақылдарын өсіру жұмыстарын жолға қоямын;
– Округтегі жұмысқа жарамды мүге­­­дек­терді, мүмкіндігі шектеулі тұрғын­дарды, жазасын өтеп келген, істі болған аза­маттарды, заң жүзінде отбасынан ажы­раған азаматтарды, көпбалалы отба­сыларын тұрақты жұмыспен қам­туды қолға аламын;
– «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағ­дар­ламасы арқылы ауылдық округтегі жұмыссыздықты төменгі деңгейге түсі­ремін.

Поделиться ссылкой: