Басты талап – бала қауіпсіздігі
Аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова аудандық жол және техникалық инспекция тобымен бірге оқушыларды тасымалдайтын автобустарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
«Жол қозғалысының қауіпсіздігі» тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар, сондай-ақ, балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану бойынша талаптардың сақталуы басты назарда болу қажеттігі айтылды.
Зерделеу барысында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің тарапынан автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық байқаудан өтуі, жүргізушілердің құрамы (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеріліп, басқа да талаптарға сәйкестігі қаралды.
«Құлан таңы» ақпарат.