Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жылдан-жылға автокөліктегі өртті болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар атқарып жатқанына қарамастан, автокөлік саны өскен сайын ондағы өрт саны да көбейіп отыр. Жыл басынан бері 9 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркелді. Оның үстіне, өрттер автокөліктің қозғалысы кезінде болып жатыр. Автокөліктердегі өрттердің көп бөлігі жеке қолданыстағы көліктердің үлесіне тиесілі болып отыр. Құрметті автокөлік жүргізушілері! «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, автокөлікті жүргізер алдында автокөліктің қаншалықты жүруге жарамдылығын арнайы автокөлік жөндеу орталығына тексертіп, уақытында техникалық байқаудан өтіп тұру қажет. Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында техникалық тексеру жүргізу кезінде келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:
– қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
– электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
– қосымша электр құрылғыларының электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б./ дұрыс орнатылуы;
– ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы. Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:
– жанар-жағармай багінен, жанар-жағармай өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға;
– электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
– автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағармай құюға; бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
– жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға болмайтынына баса назар аудару қажет.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.