Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Иә, шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу – ежелгі арман болғаны даусыз. Жалпы, кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатқан мәселе.
Қазіргі таңда осыған орай, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлық негізінде ҚР Үкіметінің қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылып жатыр.
Латын әліпбиіне көшу тарихымыздағы өзекті мәселелердің бірі. Өркениет жолына бастаудың алғышарты негізінде қарастырғанымыз жөн. Тарихымыз бен мәдениетімізді және қазақ тілінің мәртебесін әлемдік аренаға жеткізу жолында латын графикасындағы қазақ әліпбиінің тигізер пайдасы зор. Негізінен алғанда латын әліпбиіне көшу қазақ тілін теріске шығару емес, бұл қазақ алфавитіне реформа жасай отырып, қайта жаңғырту болып табылады.
Бұл жағдай ең алдымен балаларымыздың болашағы үшін қажет. Неге десеңіз, ұрпағымыздың ағылшын тілін еркін меңгеріп, ғылым тілін жетік білу үшін, соның ішінде қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты белгісі, ол – латын жазуына көшу болып саналады.
Айта кететін жайт, латын әліпбиіне көшу оңай жұмыс емес, қаншама өзгертулер мен қиыншылықтан өтуді талап ететін жол бола тұра, Қазақстан халқының әрбір азаматы латын жазуына көшу – әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс.
Болашағымыз үшін жасалып жатқан әр іс еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, әлемдік сахнадан атымызды өшірмейтін берекелі іс болсын деп тілейміз!
Т.Рысқұлов аудандық «Тілдерді оқыту» бөлімшесі.