Жол көлік оқиғасы бойынша жүргізуші жазаланды
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 610-б. 1-б. (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 2023 жылдың тамыз айында Құлан ауылы Жібек жолы көшесінің бойындағы «Көлбай» жанар-жағармай құю бекетінің алдында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Анықталғандай, азамат А. жол жүрісі қағидасын өрескел бұзып, бір бағытта жүріп келе жатқан жәбірленуші М.-ның автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.
Cот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 610-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.