Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
2001 жылдан бері дәл осындай тақырыппен педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздарының шығармашылық фестивалі өткізіліп келеді. Аталмыш фестивальдің мақсаты Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, білім саласында көркемөнерпаздықпен айналысатын дарынды қызметкерлердің, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарының беделі мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Сәрсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде биыл VII мәрте ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздарының шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі болып өтті. Байқауға облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, аталмыш фестиваль идеясының авторы, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, «Сиқыршы таяқша» республикалық дирижёрлар байқауының лауреаты Көркемғали Серімбетов, Тараз мемлекеттік университеті мәдениет және өнер кафедрасының профессоры Есілбек Бимурзаев, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Юнеско» ұйымының халықаралық би комитетінің еліміздегі өкілі Ольга Привалова, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Камал Нарбатыров және республикалық «Еңбекші»
кәсіподақ газетінің бас редакторы Бейбіт Бекназаров қатысып, қазылық етті. Фестивальде алғаш шырқалған туындының бірі Гүлнұр Әбдірахманова, Рысбек Қадырқұлов, Айшабибі Орманова, Ержан Қонысбековтың орындауындағы Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған Марат Ыбыраевтың әні «Туған жер» болды. Одан кейін, «Ұлт көсемі» әні хормен шырқалды. Қазақтың қара домбырасымен Кенен Әзірбаевтың «Жас екпінін» қоңыр дауыспен жүрекке жеткізе білген Гүлнұр Әбдірахмановаға залға жиналған көрермен қос қолдап шапалақ соқты. Эстрадалық жанрда «Толғау» әнін жанды дауыста орындаған Айдана Құлтасованың өнері де көпшіліктің көңілінен шықты.
Белгілі жазушы Алдан Смайылдың «Шертпе күй – қазақтың төзімі, төкпе күй – сол төзімнің сарқылғаны» деген сөзі бар. Осы сөздің астарында терең мағына жатқанын Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқытушылары «Көңілашар» және «Шалкөде» күйін орындаған сәтте көз жеткіздік. «Қызыл жебе» романының желісі бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің ұстазы Мәулен Тобықовтың шәкірттерімен бірге сахналаған көрінісі көрерменнің көңілін елжіретпей қоймады. «Қазақ» және «Ұйғыр» биін билеген «Әдемі-аудың» арулары, ерлі-зайыпты Асылбек Үмбеталиев пен Жазира Есболованың орындауындағы «Киелі менің Құланым» әні, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің ұжымы сахналаған оригиналдық жанр, Майкл Джексонның «You are not alone» әнін шырқаған акопелла, «Алтын сақа» балалар бақшасының «Аңға
шығу» биі, Мұхтар Шахановтың поэзиясынан «Махабатты қорғау» диалогын үлкен шеберлікпен жеткізген Бақытжан Заурбеков пен Айкенже Баймаханның да өнерлері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Белла Ахмадулинаның сөзіне жазылған Александр Петровтың «Жестокий романс» әнін орындаған Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Гүлнұр Әбдірахманова мен «Сен» әнін орындап, өзінің жан-жақтылығы мен кәсіби шеберлігін көрсеткен Айшабибі Ормановаға жиналғандар тік тұрып кошемет көрсетті. Фестивальді Ержан Қонысбеков, Елтай Пірімқұлов, Тоқтар Әшірәлі үштігінен құралған трио Бақытжан Ауданбаевтың сөзіне жазылған Жұбаныш Жексенұлының «Қазақстаным» әнімен қорытындылады.
Байқау соңында аудан әкімі Асқар Қырықбаев сөз сөйлеп, осындай тамаша кеш сыйлаған фестивальге қатысушыларға жеке алғысын білдірді. Содан соң, Рахия Сейітбекқызы бастаған қазылар алқасының барлық мүшелері өздерінің пікірлерін айтты. Олар бірауыздан Айшабибі Орманованың өнерін жоғары бағалап, жас оқытушыға осы байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама берді. Сондай-ақ, осы фестивальге атсалысқан барлық ұжым өкілдеріне белсенділік танытқаны үшін аудандық білім қызметкерлері кәсіподоқ ұйымының атынан сыйлықтар табыс етілді.
Марат ДИХАНБАЙ.