Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Ұстаздар мерекесіне орай кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Әлібек Мамытжанұлы қазақ руханиятында өзіндік қолтаңба қалдырған ақын, алаш зиялысы Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзін тілге тиек етіп, бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Расымен де, адам бойына ізгілік нәрін дарытып, білім берген ұстаздар қауымының ерен еңбегі ұшан-теңіз. Олар кез келген құрметке лайық.
Осы күні ұлағатты ұстаздардың құрметіне оқушылар би билеп, ән салды. Атап айтсақ, «Әдемі-ау» бишілер тобы «Әдемі-ау» биін, «Аяна» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері «Буги-вуги» биін биледі. Ал, «Құлан саз» ұлт аспаптар ансамблі «Алаш аманаты» күйін орындаса, мектеп оқушылары ұстаз туралы мәнерлеп өлең оқыды. «Жас қанат» тобы «Мектебім» әнін шырқаса, Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің «The classic» дуэті «Эхо любви» әнін орындап, ұстаздардың алғысына кенелді. Мерекелік шара соңы «Жігіттер» квартетінің орындауындағы «Мерекем» әнімен қорытындыланды.
Марат Жолдасбекұлы.