Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
«Әне-міне» дегенше, күздің екінші айына да аяқ бастық. Бірер күннен кейін ел аумағы толықтай жылыту жүйесіне ауысады. Шыны керек, Екібастұзда орын алған былтырғы жағдай жылыту маусымына дайындалудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, қытымыр қысқа біз қаншалықты дайынбыз? Осы бір сауалдың жауабын апта басында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің төрағалығымен өткен жиында іздеп көрдік. Айта кетейік, аталмыш жиынға тиісті сала, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы ашып, алғашқы болып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бірер күннен кейін жылыту маусымына аяқ басатынымызды айта келе, барлық шараларды тиянақты түрде атқару керектігін айтты. Сондай-ақ, Ерғазы Жұмабекұлы қыс мезгілінде автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылу қажеттігін ескертті. Бұл мәселелер туралы жиында аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айдынбек Кенішбек кең көлемде мағлұмат берді. Жауапты маман өз баяндамасында жолдарды күтіп-ұстау үшін арнайы конкурс ойнатылып, қызмет көрсетуші мекеме анықталғанын айтты. Сондай-ақ, бас маман бүгінде қажетті отын түрлері тиісті мекемелерге жеткізілгенін айтты.
Жиында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, денсаулық, білім және төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдері де есеп беріп, оябы бөлек баяндама жасады. Жауапты басшыларды тыңдаған Ерғазы Жұмабекұлы отқазандықтарды күтіп ұстап, көмірдің өздігінен тұтануына аса сақ болу керектігін айтты. Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда өрт қауіпсіздігі тұрғысында арнайы сабақтар өткізіліп, жылыту жүйелерін көгілдір отынға ауыстыру мәселесін назарда ұстауды тапсырды.
Жәнібек СҰЛТАН.