Айтқан уәдесін екі еткен жоқ

188 Views

Жақында аудан әкімі Ернар Есіркепов Қызылшаруа ауылындағы №3 шағын орталықты орта мектептің акт залында Ақбұлақ ауылдық округінің ардагерлерімен кездескен болатын. Ол газетке жарияланды. Сол кездесуде ардагерлер ағын судың мәселесін көтерген еді.

Аудан басшысы ардагерлер көтерген проблеманың өте өзекті екенін айтып, мәселені басты назарда ұстайтынын жеткізген болатын. Жай солай деп айтып қана қоймай, уақыт тауып, алдағы күндері келіп, зерделейтінін ескерткен болатын. Содан араға көп уақыт салмай, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліпов Бәйтелі, Белогорка, Әлденбай, Комсомольская, Разъезд-98 су қоймаларының жай-күйлерін зерделеп, су шаруашылығы саласының мамандарымен кеңесті. Айта кетейік, мұндағы басты мақсат – су тоғандарын тиімді пайдалану, суармалы алқаптарға ағын суды тиісті жеткізудің жолдарын қарастыру.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: