САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАМАНАУИ КЕШЕНГЕ АЙНАЛАДЫ

85 Views

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі байырғы Жібек жолының дәл бүгінгі баламасы. Ауыр да, жеңіл де көлігі толастамайтын автожол бойынан дәл қазір кез келген кәсіп түрін бастап, дөңгелетіп әкетуге болады. Ол үшін тек ынтаңыз бен жігеріңіз, мақсатыңыз бен ниетіңіз болса болғаны. «Дулат баба» кесенесіне жақын тұрған сақалды құрылысты көзіңіз шалған болар. Жұмыстың дәл ортасына келген кәсіпкер осыдан жеті-сегіз жыл бұрын өз жұмысын тоқтатты. Содан бері дәл сол кейпінде тұр.

Сәл шыдасақ, бұл нысан адам танымастай өзгергелі тұр. Оны апта басында аудан әкімі Ернар Есіркеповпен кездескен инвестордың өзі айтты. Яғни, елімізге белгілі «Bauyrsaq QZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта бұл нысанды өзгертіп, автожол маңынан заманауи автокемпинг салып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді мақсат тұтып отыр екен. Алдағы уақытта бұл жерде тек сапалы жанармай құю бекеті ғана емес, көліктерге техникалық қызмет көрсетуді тамақтану, демалу, қонақ үй және балалар ойын алаңдары қолданысқа енгізілмек. Одан бөлек, келіссөздер жүргізу нәтижесінде қос тарап аудан кәсіпкерлерінің сауда-саттық жасауына арналған арнайы павильондар қою туралы келісімге келді.
Бұл аз десеңіз, инвестор құрылыс жұмыстарына алдымен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін барынша тұтынатынын айтты.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: