Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Үй жылытып, ас дайындау, тіпті техника мен ғылымның дамуы бәрі отпен байланысты. Бірақ, отты дұрыс қолданбасаңыз, оның жалыны жолдағыны жалмауы мүмкін. Жыл сайын аудан аумағында 40-50 өрт оқиғасы тіркеледі. Осы өрттердің басым көпшілігі адамдардың салғырттығынан шығып отыр. Осы өрттердің 70 пайызы тұрғын үйлерде орын алған. Күн суытып, жылыту кезеңі басталысымен пеш және құбырдың ақауы мен оны қолданудағы абайсыздықтан шыққан өрт саны күрт өседі.
Төмендегілерді орындаған жөн:
– Пешті басқа да жылыту құралдары мен жүйелерін жылыту кезеңі алдында тексеріп, кездескен ақауларын жою;
– Түтін шығатын құбырларды және пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру;
– Төбедегі түтін өтетін арналары мен барлық түтін мұржаларын және қабырғаларды әктеп, өңдеу;
– Пештің от жағар қақпағының жанындағы еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнату;
– Түтін өтетін арналарды, мұржаларды және қабырғалардың сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шараларын қарастыру;
– Қатты отынмен жанатын пештердің түтін өтетін мұржаларын ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау.
Тыйым салынады:
– Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды пешті қаратуға;
– Отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды пештің алдында қалдыруға;
– Пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез жанатын және жанатын сұйықтықтырды қолдануға;
– Пештерді тағайындалмаған отынның мына түрлерімен көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
– Пешті қатты қыздырып жағуға.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.
Естеріңізде болсын! Өрттің алдын алудың ең маңызды қаруы – ол өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау. От салғырттықты кешірмейді. Сенімді пеш және оны дұрыс қолдану – Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен
№10 өрт сөндіру бөлімі.