Айару үздіктер қатарынан көрінді
36 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен қолға алынған «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында жуырда Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архивінде «Архив – тарих қазынасы» тақырыбында экскурсия және «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді. Аталған іс-шараға Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары мен мұғалімдері және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шарада мемлекеттік архивте тұрақты сақтауда тұрған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің, ауданымыздың Құрметті азаматтарының және ақын-жазушылардың жеке тектік құжаттары негізінде көрме жасалды.
Жиын соңында аудандық архивтің ішіне экскурсия жасап, жас буын өкілдері аудан тарихымен, архив ісімен жақынырақ танысты.
Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві.