Жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалады

107 Views

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ірі шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Қытайлық​ «China Energy Engineering Group, Shanxi Electric Power Construction» компанияларының өкілдерімен өткен кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жобаларды дамыту жоспарлары талқыланды.

Қытайлық компания облыс аумағында жел және күн энергетикасын дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға, күн батареяларын шығаратын зауыт салуға ниетті.
– Облысымызда бірнеше индустриялық аймақтарды ашу жоспарлануда. Онда жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі, – деді облыс әкімі.
«Жамбыл Гипс» АҚ компаниясының өкілі Владимир Рахманов кәсіпорын қызметін одан әрі кеңейту жоспарлары туралы айтып берді.
«Жамбыл Гипс» АҚ-гипсті құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсті құрылыс плиталарын өндіруші болып табылады. Бүгінде зауытта 140 қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылы гипсокартон өндіру іске қосылған цехта ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 58 247 тонна құрғақ қоспалар, 104 мың тонна гипс өндірілген.
Кездесу барысында тараптар кәсіпорынды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, аралас өндірістер құру мәселелерін талқылады.
Ербол Қарашөкеев пен «Доминант» компа­ниялар тобының коммерциялық директоры Александр Демидов Тараз қант зауытын одан әрі дамыту жобаларын қарады. Зауыттың ағымдағы қуаттылығы тәулігіне 400-ден 600 тоннаны құрайды. Ұсынылған инвестициялық шаралар іске асқан жағдайда өнімділік 20 пайызға артады деп күтілуде. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 102 890 тонна қант өндірілген.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: