Таулар алыстаған сайын биіктей береді

206 Views

Қазақ журналистиканың жам­позы атанған Шерағаңның бір кез­дері еліне келіп, сайлаушылар ал­­дында сөйлеген мына бір сөзі менің өмірлік қағидаларымның бірі болып қалды. Сонда ол «Құдай сатып алған атақ-абы­ройдан, өтірік айтып бедел жинағаннан сақтасын! Ешкімнің алдына барып алақан жаймаймын. Халық өзі біледі кімнің кім екенін. Депутат болмасақ өліп қалмаймыз. Қолымыздағы қала­мы­мыз­ды ешкім тартып алмайды» деген екен. Қазір мұндай депутат барма өзі? Айтар ойын бүгіп қалмай, ақиқаттың айбалтасын асқақ рухпен ұстаған қайран Шерағаң-ай…
Шерхан Мұртазаның «Бір кем дү­ниесі» менің сүйікті кітабым. «Бір кем дүниеде»: «Ұрпақсыздар ұмы­тылады. Өмір заңы солай. Ал менен кітаптар қалар. Олар ұрпақты жал­ғастыра ала ма?» дейтін сөздер бар. Шерағаңның бұлай алаңдағаны өте орынды. Себебі, қазір кітап оқы­майтын жастар жетерлік. Де­генмен, біз секілді кітапсүйгіш жас­тар барда, қаймана қазақ жұрты барда, шыңдағы Шерағаңның ұлағатты сөздері ұрпақ жадында мәңгіге сақталып қалады деген ойдамын.
Қайбір жылдары Иманғали Тас­мағам­бетов Алматыда әкім болып тұрғанда Шерағаңның «Сенің Ал­матың Авгийдің ат қорасына ай­нал­ған. Ал,Тасмағамбетов соны та­зартуға келген батыр – Геракл» де­ген сөз айтқан. Өзінің сөзімен ай­тар болсақ, Шерхан Мұртаза қазақ журналистикасының да Гераклы болып тарих жылнамасына жа­зылды. Қазір осындай кесек пікір айта­тын ағалар бар ма? Мен көрген жоқпын. Ініге қамқоршы пана болатын ағалардың бар болғанын қалайсың. Әттең, таппайсың. Сосын Шерағаң се­кілді таудай таланттардың еңбегін оқып, «шіркін-ай» деп аңсайсың. «Таулар алыстаған сайын биіктей береді» деген осы екен ғой.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: