Көшпелі сот отырысына студенттер де қатысты

160 Views

Өткен жұмада Жамбыл көлік проку­ратурасы Т.Рысқұлов аудандық сот ғимаратында Құлан агротехникалық жоғары колледж білімгерлерін тарта отырып, сот отырысын ұйымдастырды. Ондағы басты мақсат – мемлекеттік айыптаушылардың қызметін жан-жақты көрсету және қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында қоғамдық оң пікір қалыптастыру.
Жиынға Жамбыл көлік прокуратура­сының қызметкерлері, Түрксіб станция­сының желілік полиция бөлімінің басшысы, аталған колледждің білімгерлері мен ұстаздары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш сотта ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша қылмыстық іс қаралды. Айта кетейік, аталмыш іс-шарада халық және жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу, жас буынға есірткінің қауіпті қатер екендігін түсіндіру, оның соңы жақсылыққа апармайтындығын көрсетіп, ұғындыру бас­ты назарға алынды.
Алдағы уақытта да аталған бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл көлік прокуратурасы.

Поделиться ссылкой: