Өткен ғасыр еншісіндегі нысандар

199 Views

Луговой станциясында са­лын­ған ал­ғашқы құрылыс ныса­нының бірі – Смат Есімов көше­сін­дегі № 27 үй. 1920-1922 жылдары Түрк­сіб те­мір­жо­лын салу ке­зе­ңінде бой кө­­терген құры­лыс кешенінде дәл қазіргі таң­да дәріхана орналасқан. Де­генмен, күй­ді­рілген кір­піш­тен қаланған мы­на көріністегі ғи­марат сол ке­зеңдегі Луговой станциясындағы сәу­летті тұрғын үй­лердің жарқын үлгісі болып есеп­теледі. Нысанның шатыры периметрі бойымен кең шығыңқылы және вальмолы ризалиттердегі қиылыстары ағаштармен ұстатылған. Ризалиттердің фронтондарында трапеция тұрпатты терезелер бар. Ішкі жобасы кейінгі құрылыс жұмыстарына байланысты өзгерген. Алғашқыда онда әрқайсы­сының жеке есіктері бар 4 пәтер болған. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған бұл тарихи нысан 1904 жылы бір сыныптық білім ошағы болып бой көтерген. Аудан тарихындағы тұңғыш мектеп болып саналады. Аумақтық-архитектік негізінде «кірпіш» стилі элементтері мен пішіндері қолданылған бір сыныптық ауыл мектебінің типтік жобасы жатыр. 2011 жылы ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С.Пәрменқұл, Ш.Құда­баев) зерттеп, құралмен жоспарын жасап, коорди­нат­тарын алған. Жобасында тікбұрышты болып кел­ген аумақтың шатыры екі еңісті. Негізгі сырт­қы көрінісі симметриялы, орталық терезесі онша үлкен емес ризалитпен ерекшеленген. Терезе тесіктері сәулелі белдемшелі және ортасы сына құлыпты. Сыртқы көріністерінің лаконикалық декоры қабырғашықтар жолағымен, карнизі мен терезе асты «сухариктермен» толықтырылған. Бүйір көріністерінің фронтондарында жапсарлас 2 терезе бар. Мектептің іші көлденең дәлізбен оқу және шаруашылық бөліктеріне бөлінген. Ас үй мен асханадан тұратын шаруашылық бөліктің бұрын құрылыстың бүйірінен кіретін есігі болған екен.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: