Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

195 Views

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлерін
кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Агроөнеркәсіп кешені облысы­мыз­дың ғана емес, бүкіл еліміздің эконо­микасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласының дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді.
Мәселен, биыл облыста агрокешенді дамытуға 81,0 млрд. теңге бөлініп, 10 мыңнан аса шаруаға қолдау көрсетілді
Нәтижесінде салада 498,6 млрд. теңге­­нің өнімі өндіріліп, ауыл шаруа­шы­лығының негізгі капиталына 35,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Сондай-ақ, 374,1 млрд. теңгені құрай­тын 28 жоба іске қосылмақ.
Биыл аймақта 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді.
Су үнемдеу технологияларын пайда­лану мақсатында мемлекет тарапынан ұңғыма қазғаны үшін 80 пайызға, инфрақұрылым жүргізген жағдайда 50 пайызға дейін қолдау көрсетіледі.
Жалпы заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалуда. Сондықтан алдағы уақытта агросаланы одан әрі дамытуымыз қажет, – деді облыс әкімі.
Жиында бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.
Тараз қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мерекелік шара спорттық ойындар мен жамбылдық өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: