Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Өрт оқиғалары көбіне тұрғын үйлерде және азаматтардың қосалқы бөлмелерінде орын алады. Өрт оқиғаларының шығу себебі әртүрлі болғанымен, негізгі себеп өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады. Күнделікті «101» «112» қызметіне өрт оқиғалары туралы бірнеше хабарламалар түседі. Әр хабарлама түкпірінде қайғы-қасірет жатады. Біреудің үйі, біреудің мүлкі, ал кей кезде тұрғындар да зардап шегеді.
Жыл сайынғы статистикаға сүйенер болсақ, тұрғын үйлерді жылыту маусымы кезінде өрт оқиғалары күрт өсіп кетеді. Күннің сууы кезінде тұрғындар үйді жылыту мақсатында пеш және электр жылытқыш құрылғыларын қолданады.
Осыған байланысты Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарына күннің сууына байланысты өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды естеріңізге салады:
Пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз! Пешті және құбырын тексеріп, күйе-күлден тазартыңыз. Мұржадағы, қуырдағы саңылау мен жарылған жерлерін дер кезінде сылау, пештер мен басқа да жылу беру құралдарының белгіленген норма бойынша жанғыш құрылысты өртке қарсы шегінісі болуы тиіс. Сондай-ақ, ауданы 50-70 см. кем емес, ешбір ақау мен мүлтіксіз қаңылтыр төселуі қажет. Пештерді тұтандыру үшін бензин, керосин, дизельдік жағармайларды және басқа да тез тұтанғыш, жанғыш сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады.
Электр қондырғылары мен электр бұйымдарын қолдану кезінде бұзылған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электр қондырғыш бұйымдарды пайдалануға, стандартқа сай келмейтін қолдан жасалған электр жылытқыштарды қолдануға, қысқа тұйықталу мен артық салмақтан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға, өрт қаупін болдырмайтын әрі жанбайтын жылу оқшаулағыш материалдан жасалған тіреуі мен жылу қорғағыш қондырғысы жоқ электр плиталарын басқа да жылытқыш құралдарды пайдалануға, жанып тұрған газды, электр құрылғыларын және пештерді қараусыз қалдыруға, жасөспірімдерді үйде жалғыз қалдыруға және шақпақпен ойнауына, темекі шегу кезінде темекі тұқылын еден немесе жанғыш материалдың үстінде қалдыруға тыйым салынады.
Өрт болған жағдайда «101» «112» телефон нөміріне қоңырау шалып, өрт болып жатқан жердің тура мекенжайын хабарлауды ұмытпаңыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен
№10 Өрт сөндіру бөлімі.