220 Views
Қараша айының 20-сы мен 30-ы күндері аралығында аудан аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Біз бұл шара туралы газетке де ақпар бергенбіз. «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық жедел іс-шарасының мақсаты – көшеде немесе басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыстарды ескерту және жолын кесу болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында:
– Полиция бөлімінде профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар атқарылды. Одан өзге тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе тасымалдау деректерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысына қатысушыларға да қадағалау күшейтілді.
Саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарлар, техникалық қызмет көрсету станциялары, шаруа және фермер қожалықтары, шалғайдағы учаскелер, қыстаулар және басқа да шалғай жерлер, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылды. Вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық деректері, жол қауіпсіздігі желісінде бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, деструктивті және маргиналды тәртіптегі адамдарды (топтарды), сондай-ақ, оқу орындарында қорқытып алу және алкогольдік сусындарды қолдану, тыйым салынған заттарды алып жүру деректерін анықтау мақсатында жастар жиналатын орындар да тексерілді.
Аудандық полиция бөлімі.
Поделиться ссылкой: