Кезекті Комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында аудан аумағындағы кәсіпорындардағы қызметкерлердің еңбек шартына сәйкес уақтылы жалақыларын төлеу мәселелеріне қатысты біршама тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Ернар Серікәліұлы жұмыс беруші тарапынан жүргізілетін әлеуметтік, медициналық төлемдер мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдардың міндетті және уақтылы төленуін бақылауды тапсырды.
Комиссия отырысында ауылдық округ әкімдеріне отбасының цифрлық картасын қатаң бақылауға алып, өзектендіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.