Дін ұстай алсаң – қасиетің, Ұстай алмасаң – қасіретің

136 Views

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепте, сондай-ақ, Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектепте де Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Асқар Сатылғановтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жат ағымдардың алдын алып, жастардың бойына рухани құндылықтарымызды дарыту. Кездесуде Асқар имам діни экстремизм мен терроризм жайында жастарға кеңінен мағлұмат айтты. Кездесу соңында оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған нақты әрі тұшымды жауаптар алды.

Жат ағым жарға жығады

Ауданда діни сауаттылықты арттырып, ол туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен салт дәстүрлерін насихаттау мақсатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Луговой ауылындағы жергілікті полиция бөлімшесі қызметкерлерімен, одан бөлек, Құлан ауылындағы аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен де кездесу өткізілді.

Ата діннен алыстамайық

Қазіргі таңда еліміздегі өзекті тақырыптың бірі – деструктивті діни ағым мәселесі болып тұр. Бұл мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аймақта, соның ішінде әрбір ауданда да бұл мәселе бойынша қыруар жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, соның дәлелі ретінде жақында ғана Т.Рысқұлов ауданында өткен келелі кездесуді айтсақ болады. Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын арттыру мақсатында өткен сол кездесулерде Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Асқар Сатылғанов аудандағы «Қасымбай ата» мешіті, «Аль-Хақ» мешіті жамағаттарымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кеңінен әңгіме өрбітті.

Басты миссия – тұрақтылық пен татулық

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Асқар Сатылғанов дәл осы тақырып төңірегінде Құлан агротехникалық колледжінің студенттерімен де кездесіп, әңгіме өрбітті. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен бұл кездесуде өте әсерлі болды. Асқар имам мұнда да жат ағымдардың әлегі түптің түбінде ел бірлігіне сызат түсіретінін айтып, жастарды одан аулақ болуға шақырды. Кездесу соңында студенттер сауалдарын қойып, біраз шынайы деректерге қанық болды.

А.МҰҚАТАЕВ,
“KOMEK.DEMEU.KZ” қоғамдық қорының президенті.

Поделиться ссылкой: