Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Т.Рысқұлов ауданында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен аудан аумағындағы ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қоғамды жайлаған жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесулер, «Жемқорлықсыз болашақ» атты білім беру мекемелерінде академиялық адалдық және парасаттылық бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Тараз қаласынан заңгер мамандары тартылып, ауылдық округтерде кездесулер өткізілуде.
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құлан ауылдық округінде орналасқан Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжі қабырғасында суденттерге арналған «Жемқорлықсыз болашақ» атты академиялық адалдық және парасаттылық бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының жетекші заңгері, коучер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы студенттерге өзінің студенттік өмірі жайлы, заң саласына қалай келгендігі, заң аясында студенттер қол жеткізе алатын мүмкіндіктермен және жемқорлықтың еліміздің болашағына және жастар болашағына қандай кері әсер ететіндігін мысалдар келтіре отырып жеткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып, студенттер қажетті сұрақтарына жауап алды.
Жемқорлық – жегі құрт
Тапсырыс аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы кездесулер жалғасын тапты. Атап айтқанда, кездесулер Құлан, Луговой, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Ақыртөбе, Өрнек, Қайыңды, Тереңөзек, Ақниет, Ақбұлақ, Қорағаты, Абай, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс ауылдарындағы мектеп қабырғаларында, бөбекжайларда және медициналық мекемелерде өтіп, ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Осы біз атаған, яғни Құлан, Луговой, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Ақыртөбе, Өрнек, Қайыңды, Тереңөзек, Ақниет ауылдарындағы мектеп қабырғаларында өткен кездесулерге Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының жетекші заңгері, коучер Өмірбеков Данияр Маратұлы және заңгер Мамыш Дәурен Дастанұлы арнайы шақырылып, құқықтық сауаттылық әрі сыбайлас жемқорлық төңірегінде аталмыш ауылдың тұрындарына тұшымды ақпараттар айтты.