Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жуырда Мэлс Өзбеков атындағы Мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде үлкен жиын өтті. Аталмыш іс-шара аудандық ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н болатын. Басқосуға аудан әкімінің о р ы н б а с а р ы Б.Әлпейісов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Л.Өтеулиева және бірнеше үкіметтік емес ұ й ы м д а р д ы ң төрағалары мен мүшелері қатысты. «Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы рөлі мен әріптестігі» деп аталатын тақырыппен өрбіген шара семинар түрінде жүргізіліп отырды.
Аудан бойынша үкіметтік емес ұйымдардың саны -18. Оның ішінде, өз мақсаттарын айқындап, ел игілігі үшін қызмет атқарып жатқан ұйымдардың саны саусақпен санарлық қана. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Л.Өтеулиеваның сөзіне сенетін болсақ, қазіргі таңда «Элай Құлан», «Парыз», «Құлан нұры», «Дулат баба», «Топ ағаш» сынды үкіметтік емес ұйымдар ғана өз істерін жоғары деңгейінде атқарып жүргендігін айтты. Ал, қалған ұйымдар іс жүзінде бар болғанымен, жұмыстарын алға қарай жүргізе алмай отыр ғандығын жеткізді. Сол себепті де аудандағы барлық ұйымдардың басын қосып, тәжірибе алмасу арқылы өзара ортақ іс-қимыл жасау керектігін алға тартты. Семинардың басты мақсаты бұл ғана емес. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатнасты ары қарай дамыту, қоғамның өзекті мәселелерін шешу бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру, жаңа ақпараттармен таныстыру, өзгертілген заңнама талаптарын түсіндіру болатын.
Жиын барысында ұйымдастырушы бөлімнің бас маманы Е.Бағылбеков қатысушыларға жаңа заңнамалардың талаптарын түсіндіре отырып, ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстарын халыққа ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалану керектігін ұсынды. Ернар Жанатұлының ойынша бұл әрекет ҮЕҰ-дың әлеуетін ба рынша арттыратындығына сенімді. Одан бөлек бас маман төрағалардың құжат толтыру барысында да жіберетін қателіктерін нақты көрсетіп, жіпке тізіп берді.
Семинар соңында «Үздік» деп танылған «Құлан нұры» мен «Элай Құлан» қоғамдық бірлестіктерінің жұмыстары таныстырылып, аты аталған ұйымдар қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.