Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Аудан орталығынан әлеуметтік дүкен ашылды. Онда еліміздің әр өңірінен әкелінген жеміс-жидектер, көкөністер және басқа да үйге керек азық-түліктер саудалануда. Ең бастысы ондағы баға базар бағасымен салыстырғанда өте төмен. Сондықтан болар алушылардың қарасы көп. Шамалап алғанда дүкен қызметкерлері бір тәулікте 1000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді екен. Мұнда пияз -40, қырыққабат, картоп, сәбіз, -70, болгар бұрышы мен қызылша -120 теңгеден сатылып жатыр. Ал, жеміс -жидектер қатарына жататын алма -100-160, мандарин – 330-450 теңге аралығында болса, жүзім – 300 теңге шамасында. Одан бөлек қияр, қызанақ, банан, сұйық май секілді өнімдер де сөрелерге қойылған. Жағымды жаңалықты естіген аудан ақсақалдары бүгін осы дүкенге келіп, сауданың көркін қыздырды. Бағаның төмен екендігін өз көзімен көрген Ілес Бекебаев, Райзо Шәділбеков, Шәмшіхан Искаков сынды ақсақалдар ойларын ортаға салып, ыстық лебіздерімен бөлісті. Аудан қарияларының ойынша, дәл осындай дүкендер зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болатындығын жеткізіп, тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер Бағила Махановаға алғыстарын арнады.
Бағила Әнуарқызының айтуынша, әлеуметтік дүкен ашылғалы бері халық бір сәтке болса да азаймаған. Керісінше, демалыс күндері тіпті көп келеді екен. Себебі, мұнда бәрі де арзан. Дүкенде 6 жұмысшы қызмет атқарады. Олардың жалақылары орта мөлшермен алғанда 50-60 мың шамасында. Сонымен қатар, мұндағы азық-түліктердің бірнеше түрі жергілікті шаруалардың өнімдері. Алдағы уақытта өнімдердің санын арттыру – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.