БАСТЫ МАҚСАТ – САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУ

835 Views

БАСТЫ МАҚСАТСАПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУ

Бүкірова Жұмакүл Оңғарбайқызы басқаратын Құлан ауылшаруашылығы колледжінде ветеринария, агрономия, ақпараттық жүйелер, модельер-конструктор, ферма шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, жеміс-көкөніс өсіруші, аспазшы, электр жабдықтарына қызмет көрсетуші секілді 9 мамандық бойынша 716 студент білім алуда. Студенттерге жоғары санатты – 15, бірінші санатты – 14, екінші санатты – 27 оқытушы дәріс береді. Тарихы тағылымға толы бұл колледждің ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын облысымыздағы бірегей оқу ордасы екені баршамызға аян. Құлан ауылшаруашылығы колледжінен қырғыз ұлтының классик жазушысы Шыңғыс Айтматовтан өзге облыстық қоғамдық Кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев, Сырғатай Махамбетов, Қожайхан Бижанов сынды ауданымызға сыйлы абзал ағаларымыз білім алған. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген бар. Осы орайда, Серік Күмісов, Бірлік Сраилов, Венера Майтанова, Рашид Сәрсенбиев, Ұлбосын Акишева, Еркебұлан Ертаев, Тұрарбек Баймұратов секілді білікті оқытушылардың еңбегі зор екенін айтып өткен абзал. Осындай білімін тәжірибемен ұштастыра білген ұлағатты ұстаздардан дәріс алатын Тілек Қысық, Ерлан Аселов, Санжар Сраил, Олег Черноусов, Қарлығаш Жарқынбекова, Тимур Кочиев секілді колледж студенттері ағалар салған сара жолды абыроймен жалғастырады деп сенеміз.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: