Комиссия отырысы өтті

202 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың төрағалығымен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша аудан аумағында атқарылған жұмыстар баяндалды.
Мәселен, отырыста аудандық орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп Жадраев ауданда дін саласы бойынша және «Әжелер алқасы» жұмысы жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова білім мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылған жұмыстардың ретін тізбектеп шықты. Бұдан бөлек те бірқатар ауылдық округ әкімдерінің де баяндамасы тыңдалды. Өз кезегінде Әлібек Мамытжанұлы атқарылған жұмыстарға пікірін білдіріп, сын ескертпелер айтты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: