Ректор грантын иеленді

135 Views

Жақында Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану» және «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақтың қабырғалы қаламгері Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен қайраткерлік болмысын мектеп оқушыларының бойына дарытып, жазушының туындыларын дәріптеу. Аталмыш байқауға аудан мектептерінің оқушылары да қатысқан болатын. Яғни, осы байқаудың аудандық кезеңінде топ жарған оқушылар байқаудың республикалық сайысында бақ сынады. Айталық, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айнұр Нұрбек (жетекшісі Г.Ақымжанова, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) І орынды иеленіп, Тараз инновациялық институтының ректор грантын жеңіп алды.
Ал, «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Азамат Серік ректор грантының 50 пайыздық жеңілдік сертификатын иеленді.
VIII «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының республикалық кезеңінде «Зау тұлға» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды Айтқұл Шынәсілов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұрайым Жұмахан жеңіп алды.
«Жұлдызы нұрлы суреткер» бағыты бойынша Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жангелді Байкей алғыс хат иеленді. Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Нұрсезім Қазақбай да алғыс хат иеленді. Сонымен қатар, «Шерхан Мұртаза мұрасы» кезеңінде жүлделі І орын Қызылпан Сұлтанбеков орта мектептің 11 сынып оқушысы Гаухартас Әуесбекке бұйырды. Тәуелсіздік тұғырын биіктетер осындай дарынды шәкірттеріміздің талай жетістіктерді бағындырарына сеніміміз зор.
QT–ақпарат.

Поделиться ссылкой: