Ботулизм – инфекциялық ауру

309 Views

«Қыстың қамын жазда ойла» де­мек­ші, әйел кісілердің баршасы дерлік жаз, күз мезгілінде тұрмыстық жағдайда көк­өніс­­терден, жеміс-жидектерден са­­лат­­тар, тұздықтар жасап, күз, қыс мез­­гіл­дерінде отбасыларына және қонақ­­тарға ұсынады.
Ботулизм (латынша botulus- шұжық) – жалпы организмнің улануына әкеліп соға­­тын инфекциялық ауру түрі. Боту­лизм – Clostridium botulinum бөліп шыға­ра­тын улы затпен (токсин) бүлінген, лас­­танған тамақтан жұғады. Токсин — ор­гани­калық улардың ең күштілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері бо­лып 0,035 мг токсин саналады. Токсин фи­зикалық және химиялық фактор­лардың әсеріне төзімді, оны 10-20 ми­нут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ор­тада жақсы сақталады. Ботулизмнің қоз­дыр­ғышы адамның, жануарлардың, балық­­тардың ішек жолдарында, топы­рақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөп­­­те, мал азықтарында болады. То­пы­­­­раққа түскеннен кейін спораға айна­­лып, онда бірнеше жыл бойы сақ­та­лады. Ботулизм ауруының 90%-ы тұр­мыстық жағдайында дайындалған саңы­рауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, ба­­лық консервілерін және тұздалған, ыс­талған балық, шұжықта, сүрленген шош­қа етін пайдаланғаннан болады, яғни, технологиялық ереже сақталмай дайын­далған әр түрлі консервіленген тағам­дарды пайдаланғанда орын алады. Кон­сервіленген тағамда CI.botulinum микро­организмі өсіп, жетілген кезде бан­кінің беті мен түбі ісінеді, осының сал­дарынан қақпағы көтеріледі, оны бом­баж дейді.
Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралы­ғында байқала бастайды: науқас адам­ның басы ауырып әлсірейді, лоқ­сып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер (көздің қара­шығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұты­нуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айыры­лады (афония).
Ботулизмнің алғашқы белгісі біліні­сі­мен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде ботулизмге қар­сы арнаулы иммунды сарысу егі­леді. Мұндай сарысуды науқаспен бір­ге болып, уланған консервімен тамақ­танған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түлік­терді өңдегенде, тасымалдағанда, сақта­ғанда, дайындағанда, соның ішінде үй жағдайында консервілегенде сани­та­рия­лық-гигиеналық ережелерді мұқият сақ­тау қажет.
Ботулизм ауруының алдын алу жолдары:
– санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеу барысында технологиялық процесті қатаң сақтау, консер­віленген тағамдардың сақталуын қадағалау, жылы жерде сақтамау, жалпы консервіленген тағамдардың бәрін төменгі температурада сақтап, қолданар алдында 40-30 минут қайнатып ал­ған дұрыс. Үлкен ыдыстарда көп мөл­шерде тұздалған тағамдар дайындау қауіп­ті, өйткені, оның түбінде ауасыз жағ­дай қалыптасып, ботулизм токсині түзі­луі мүмкін, ботулизм токсині ауасыз жағ­дайда тез көбейетінін ескеру керек;
– қалай дайындалғаны белгісіз, дайын­дау, сақтау мерзімі көрсетілмеген, ұзақ сақталған тағамдарды кездейсоқ жерлер­ден, базарлардан сатып алмау қажет және консервіленген өнімдерді пай­да­лану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және (бұлыңғыр тұнба) түрін­дегі өнімдерді пайдаланбаған дұ­рыс.
Егер күдікті тағамдар қолданған кез­­де аурудың белгілері пайда болса тез ара­да дәрігерге қаралу қажет.

К.Нұрбаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау
басқармасының
бас маманы.

Поделиться ссылкой: