қазақстандықтар Енді жылжымайтын мүліктеріне өзгерістер туралы хабарлама алатын болады

246 Views

Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлікке салынған ауыртпалықтар, шектеулер, заңды тараптар туралы, сондай-ақ, қате мәліметтерді түзету туралы хабарламалар алатын болады. Хабарлама электронды үкіметтегі жеке кабинетке түседі. Одан басқа eGov.kz.сайтынан хабарламалар мен PUSH хабарландырумен де келеді.
Айта кетер болсақ, жаңашылдық «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесін енгізу барысында жүзеге асырылатын процестерді автоматтандыру аясында әзірленді.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: